Қазақстан жаңалықтары

Сенат Мәжіліске 2025 – 2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар жіберді

“Заңды талқылау барысында тұрақты комитеттер мен депутаттардан оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде 136 ұсыныс келіп түсті, олар салыстырмалы кестеге келтірілді. 2025 жылы шығыстарды ұлғайту бойынша ұсыныстарға 60 млрд теңге қолдау көрсетілді”, – деді депутат Сұлтанбек Мәкежанов.
Оның айтуынша, шығыстарды ұлғайту Үкімет резервін қайта бөлу есебінен жүзеге асырылатын болады.