Спорт

Облыс орталығында шахматтан жарыс өтіп жатыр

Петропавлда шахматтан да жарыс өтіп жатыр. Облыстық деңгейдегі сайысқа 60-қа жуық адам жиылған. 70-ті еңсерген Қадыржан Ахметов жанына жақын спорт түрімен жас кезінен бері айналысады. Өзі Есіл ауданынан келіп отыр, таяуда ғана шахматтан аудан жаттықтырушысы болып тағайындалған. Алдағы уақытта біраз жасты осы спортқа баулимын деген ойда.

ҚАДЫРЖАН АХМЕТОВ, жарысқа қатысушы:

– Шахмат ойнаған маған ұнайды. Сүйіп ойнайтын жандардың бірімін. Есіл ауданы Қарағаш ауылынан келдім. Мен шахматты жас кезімнен, Алматыда оқыған сәтімде үйренген едім, ал дойбыны әкем үйретті.

Жарысқа егде жастағы жандар да, жастар да қатысып жатыр. Көріп тұрғандарыңыздай, бір үстел басында бір-біріне қарсылас болып қос буын өкілдері отыр.

САЛТАНАТ МҰҚАНОВ, бас төреші:

– Бір күнде 2 турдан өтіп жатыр. Бір партияға 1 сағат уақыт беріледі. Біз қатысушылардың ережені бұзбауын қадағалаймыз. Ойыншылар облыстың барлық ауданынан келіп отыр.

Жалпы, жарыс 5 күнге созылады.