Оның айтуынша, еліміздегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 47% – ға жетіп, шикізат секторының көрсеткіштерінен асып түсті. Үкіметтің күш-жігерінің арқасында алюминий мен мысты қайта өңдеу екі есеге артып, өңделген өнімнің экспорты 6,4% – ға өсті. Отандық өндірушілерді қолдау үшін тек қазақстандық компаниялардан сатып алынатын өнімдердің тізбесі 4,5 мың тауар позициясына дейін кеңейтілді.
Бұл жергілікті кәсіпорындармен келісімшарттар санын 55% – ға ұлғайтуға мүмкіндік берді, олардың жалпы сомасы 350 млрд теңгені құрады. Өңірлерде экономиканың құрылымын өзгертетін және өңделген өнімнің импортына тәуелділікті төмендететін ірі өндірістік жобаларды іске асыру жалғасуда.