Денсаулық сақтау

Есірткінің алдын алу

Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебінің оқушыларына бүгін осындай сұрақ қойылды. Балалар бұл қылмыскерлердің есірткі таратуға адам тарту мақсатында ойластырылған қулығы болуы мүмкін екендігін айтты. Есірткінің алдын алу жұмысына жалғыз полиция қызметкерлері ғана емес, қоғамдық даму және ақпарат орталығының мамандары да атсалысып жатыр. Олар балаларға наша болашаққа балта шабатынын сауалнама және ойын арқылы түсіндіріп, есірткі атаулыдан аулақ жүру қажеттігін айтты.

ГҮЛБАҚЫТ БАЙБУСИНОВА, СҚО қоғамдық даму және ақпарат орталығының маманы:

– Оқушыларымыз өздерін еркін ұстап, белсенді қатысты. Бәрі де біледі, есірткі деген – қазіргі жаһандық мәселелердің бірі. Сондықтан, жастарға жаман дүниеден аулақ болуды түсіндіру біздің парызымыз болып табылады.

НАРИМАН САЙДАЛИН, Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектебінің оқушысы:

– Біздің мектепте бұл тақырып жиі қозғалады. Оны сынып сағатында, осындай жиындарда да айтып отырады.

 

Мәдина Қаби