МТРА жаңалықтары

Белорустық өнімдер жәрмеңкесі ивановтық тоқымамен толықты

Облыс орталығында өтіп жатқан Беларусь аяқ киімдерінің жәрмеңкесі жаңа қырынан танылды. Сауда нүктесі Ресейдің Иваново қаласында өндірілетін тоқымамен толықты.

АЛЕНА СОТСКОВА, сату жөніндегі менеджер:

– Төсек-орын 100% мақтадан, бязь, перкаль және сатин матасынан тігілген. Қойманың жабылуына байланысты бүкіл тауар 50% жеңілдікпен сатылып жатыр. Жаңа жылда жақындарыңызға не сыйлаймын деп бас қатырудың қажеті жоқ. Тоқымаға қатысты сапалы сыйлықты осы жәрмеңкеден табуға болады.

Жәрмеңкеде аяқ киім де көп. Мұнда аға буын өкілдері де, жастар да өз талғамына сай аяқ киім таба алады. Беларусь елінде тігілген тауардан аяқ тоңбайды. Сатушылардың айтуынша, етіктердің сапасына алаңдаудың еш қажеті жоқ. Әрқайсысы таза былғарыдан тігілген.

АЛЕНА СОТСКОВА, сату жөніндегі менеджер:

– Тауардың басым бөлігі ортопедиялық. Бақай сүйегі шығыңқы келген жандар үшін өте ыңғайлы. Табаны жұмсақ, тайғанақ емес. Әйелдерге арналған аяқ киімнің өлшемі 36-дан 43-ке дейін болса, ерлер үшін 40-тан 49-ға дейін.

Белорустық аяқ киімдер жәрмеңкесі өңір тұрғындары арасында сұранысқа ие. Лариса Чесовитина да бүгін мұнда қысқы аяқ киім іздеп келіп отыр.

ЛАРИСА ЧЕСОВИТИНА, қала тұрғыны:

– Осындай жәрмеңке барын әлеуметтік желіден білдім. Келіп, қарап шықтым, сапасын байқадым. Үлгілері көзге тартымды, қалыңдығы да жақсы. Киіп те көрдім, ыңғайлылығына көзім жетті.

Еске сала кетейік, жәрмеңке қарашаның 24-іне дейін жалғасады. Орналасқан жері – Теннис орталығы. Жәрмеңке таңғы 10-нан кешкі 19:00-ге дейін жұмыс істейді.

 

Данаш Хамза