Аптадағы маңызды жаңалықтар

Жамбыл ауданында қой фермасы 10 мың басқа дейін кеңейтіледі

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында есеп беру кезегі Жамбыл ауданының әкімі Азамат Бектасовқа да келді. Жас атқамінер басқаратын жердің диқандары биыл бірсыпыра астық жиды. Кейбір агроқұрылымдарда рекордтық өнім бастырылған.

АЗАМАТ БЕКТАСОВ, Жамбыл ауданының әкімі:

– В некоторых хозяйствах урожайность достигла рекордных показателей: в ТОО «Ақ жер»-2010, урожайность составила 42 ц/га , ТОО «Шатило и К» – 23,9 ц/га, ТОО «Фирма МАК»- 27,3 ц/га.

Осыдан бірнеше жыл бұрын Жамбыл ауданында бірде-бір тауарлы-сүт фермасы болған жоқ. Бүгінде жағдай өзгерген. Алдағы желтоқсанда мұнда 400 басқа шақталған кәсіпорын ашылады. Германиядан мал жеткізіледі. Сонымен қатар, көп ұзамай Жамбылда тағы бір өндіріс орны іске қосылмақ, онда 600 сиыр ұсталады. Кезекті маңызды жайт – қой фермасының 10 мың басқа дейін кеңейтілуі. Брифинг барысында әкім жер қайтару жайына тоқталды.

АЗАМАТ БЕКТАСОВ, Жамбыл ауданының әкімі:

– Қазіргі уақытта 5800 мың гектар жер мемлекеттік меншікке қайтарылды, бұл жоспарланған көлемнің 83%-дан астамын құрайды. Жыл соңына дейін мемлекет меншігіне 7 мың га қайтару жоспарлануда.

Ауданға еңбек күші басым өңірлерден азаматтарды қоныстандыру жұмысы жалғасып жатыр. Жамбыл жеріне табаны тиген тұрғындарға түрлі көмек қарастырылған.

АЗАМАТ БЕКТАСОВ, Жамбыл ауданының әкімі:

– Елді мекендердің санитарлық жағдайын қамтамасыз ету мақсатында полигондарды бұру жұмыстары жүргізілді, оған 7 млн 235 мың теңге бөлінді. Ауданның елді мекендерінде 2 мыңнан астам ағаштар мен бұталар отырғызылды. 5 жаңа аялдама, 9 жаяу жүргіншілер өткелі, 3 балалар ойын алаңы орнатылды.

Жол және су тарту. Жамбылдықтарды осы қос мәселе алаңдатпай қоймайды. Бұл ретте айта кетейік, келесі жылы Мирное, Айымжан, Пресновка, Қайранкөл, Петровка, Жанажол, Бауман станциясы сынды ауылдардың халқына қатынау жеңілдейді. Тіршілік көзімен қамту бағытында да бірнеше жоба әзірленген.

 

Байболат Құлтанов