Кеше мына көрініс желілерде желдей есті. Облыста ерекше құбылыс видеоға түсіп қалды. Аспаннан құлаған жарық жарқылы жұртты таңғалдырды. Физика және астрономия саласында 40 жылдан астам тәжірибесі бар Андрей Солодовниктің айтуынша бұл – болид метеоры болған екен. Сирек кездесетін құбылыс болып саналады.
АНДРЕЙ СОЛОДОВНИК, М.Қозыбаев атындағы СҚУ “Физика” кафедрасының профессоры:
– Мұндай таңғажайып құбылыс өңірде осыдан 100 жыл бұрын орын алған болатын. Ол оқиға ел аузында “Петропавлдық метеорит” деп аталып кеткен. Мен бұл құбылысты сонымен байланыстырғым келеді. Бүгіннен бастап зерттейтін боламын. Жалпы, болид дегеніміз – өте жарық әрі көлемі ірі метеор. Кейде күндіз де байқалады. Оның құлауы кезінде зеңбіректің атылуы, күннің күркіреуі тәрізді дыбыстар естілуі мүмкін.
Нұрасыл Ахмет