Бүгін облыс орталығында “Dara” білім орталығының салтанатты ашылуы өтті.
Білім орталығымен ата-аналар 2022 жылдан бері таныс. Адал қызметтерімен тұрғындардың сенімін иеленген, маманмен де, тәжірибемен де толыққан ұйым бүгін есігін айқара ашты. Білікті мамандардың алдына 6 жасқа дейінгі балалалар қабылданады.
ГҮЛӘЙІМ ЖҰМАҒҰЛОВА, “Дара” білім орталығының негізін қалаушы:
– Итальяндық педагог, дәрігер Мария Монтессоридің бастаған методикасы бойынша жұмыс істесем, балаларды ерте дамытсам екен деген арманым болған еді. Кабинеттеріміз 8 балаға шақталып жасалған.
Орталық мамандары білікті. Тіпті, шетелде оқып, тәжірибе жинақтағандары бар. Олар ұл-қыздарға әр түрлі пәннен дәрі береді. Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшынды да оқытады. Орталықтың салтанатты ашылуына мектеп өкілдері де куә болды. Білім беру саласының білікті маманы Ләззат Жалмұқанова “Дара” орталығының даралығына тоқталды.
ЛӘЗЗАТ ЖАЛМҰҚАНОВА, №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің директоры:
– Бұл білім орталығы – біздің өңір бойынша балалардың білімін дамытып, мектепке дайындайтын тұңғыш жеке орталық. Бұл жерде балалар тек сабақ оқып қана қоймайды. Тамақтандыру мәселесі де шешілген. Мұнда балаларды тасымалдайтын көлік те бар. Осындай ерекше нысанның жаңа аудандардың бірі – “Жас өркен” ықшам ауданында ашылғанына қуаныштымын.
Әзірге, бұл жерде 9 маман қызмет етуде. Алдағы уақытта қатары тағы толыға түседі.
Мәдина Қаби