Облыстық мәслихатта қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Бұл жолғы жиынның күн тәртібіне 7 мәселе шығарылды. Алдымен қатысушы қауым денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қуаныш Бижановты тыңдады. Атқамінер саладағы кадр тапшылығы жайында баян етті.
ҚАНЫШ БИЖАНОВ, СҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
– Қазіргі таңда облысымызда 1444 дәрігер мен 5 мыңға жуық медбике бар. Осы ретте кадр тапшылығы бар екенін де жасырмаймын. Бізге әлі 144 маман қажет. Маман, әсіресе, аудандық мекемелерде аз. Жыл басынан бері облыстық және аудандық емханалар мен ауруханаларға 500-ден астам адам жұмысқа тұрды. Басым бөлігі – жас мамандар.
Қуаныш Бижанов жас мамандарды жұмысқа тарту мақсатында біршама іс атқарылғанын жеткізді. Биыл 52 ақхалаттыға 181 млн теңге көтермеақы берілген. Аталған қаржы олардың аяқтан тұрып кетулеріне зор көмек екені айдан анық.
ҚАНЫШ БИЖАНОВ, СҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
– 2024 жылы өңірімізге еліміздің түкпір-түкпірінен 21 резидент-дәрігер келді. Оларды біз баспанамен қамтамасыз еттік. Жалақылары да аз емес. Әрқайсысына 1 млн мен 5 млн теңге аралығында жәрдемақы берілді. Облысымыздағы ауруханалар мен емханалар су жаңа медициналық құрылғылармен жабдықталған. Мысалы, биыл 45 млн теңгеге 8 дефибриллятор әкелдік. Бұл құрылғы адамның жүрегі тоқтап немесе ырғағы бұзылған кезде ауадай қажет.
Спикер сөзін аяқтап болғаннан кейін, жиынға қатысушылар оған сұрақтарын қарша боратты. Қоғамдық кеңестің мүшесі Павел Афанасьев, салада біршама олқылық бар екенін айтты. Атқамінерге айтылған кемшіліктерді жақын арада түзетуін сұрады.
ПАВЕЛ АФАНАСЬЕВ, облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі:
– Жаңа ғана айттыңыз, жас мамандарды тарту мақсатында көтермеақы беріліп жатыр екен. Бұл жоба қолға алынғанына, қателеспесем, 10 жылға жуықтады. Шынымды айтсам, алға ілгерілеуді көріп тұрған жоқпын. Адамдар ақшаны алып, 3 жыл жұмыс істеп кетіп қалып жатады. Сондықтан, Қуаныш Болатұлы сізге айтарым, басқа бір жаңашылдық ойлап тапсаңыздар. Түсінемін, сіз бұл орынға жаңадан келдіңіз. Алдағы уақытта облысымызда медицина саласы жақсы қарқынмен дамиды деген сенемін.
Қуаныш Бижанов сөз барысында облыста жедел жәрдем көліктері жеткілікті екенін айтты. Сондай-ақ, жиында азық-түлік пен ауызсумен қамту қызметінің құны жайында сөз қозғалды.
Нұрасыл Ахмет