Оқушылар сарайында «Жас жұлдыздар» байқауы өтті. Ол өңірдің 7 мен 17 жас аралығындағы 1000-нан аса өнерпазын біріктірді. Эстрада жұлдызы болғысы келетін жастың бірі – Тимур Тоққожин. Ол орындалуы ауыз толтырып айтарлықтай күшті қажет ететін «Арманнан қалма» әнін шырқады.
ТИМУР ТОҚҚОЖИН, байқауға қатысушы:
– Мен 11 жастамын. 5 жыл ән айтып келемін. Биыл Түркістанда, Түменде болдым, бас жүлде және бірінші орын алдым.
Байқау төрт номинация бойынша өткізілді: «Вокал», «Хореография», «Аспаппен орындау» және «Актерлік шеберлік». Қазылар алқасы орындаушылық шеберлікке, киімге және сахналық қойылымдарға байланысты бағалау жүргізеді.
АҚЖОЛ ТҮСІПОВ, Оқушылар сарайының өкілі:
– Байқауды республикалық деңгейге жеткізгіміз келеді. Жүлдегерлер марапатталалы. Бас жүлде алған оқушыларға сыйлықтар дайындалды.
Қуантарлығы, «Жас жұлдыздар» байқауына өңіріміздің барлық ауданынан барлық аталым бойынша өнерпаздар келген.
Байболат Құлтанов