Ауыл шаруашылығы

Қазақстанда тікелей астықты сатып алу бағдарламасы басталды

Қазақстанда тікелей астықты сатып алу бағдарламасына қатысуға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерден өтінімдерді қабылдау басталды. Бұл мақсатқа 10 млрд теңге бөлінеді. Дәстүрлі бастаманың арқасында шағын шаруа қожалықтары өз өнімдерін әділ бағамен өткізе алады. Азық-түлік келісімшарт корпорациясы белгіленген стандарттар мен сапа талаптарын сақтай отырып, диқандардың астығын бәсекелестік шарттарда сатып алады. 3-4-5-сыныпты бидай үшін баға желімтек көрсеткішіне байланысты 50 мен 90 мың теңгенің аралығында құбылады. Ал 2-сыныпты арпаға 50 мың теңге белгіленген. Барлық рәсімдердің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында фермерлердің өтінімдерін қарау облыстардың Үйлестіру кеңестерінің қатысуымен жүргізілетін болады. Өнімді қабылдаумен оператор айқындаған лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындары айналысады.

 

Байболат Құлтанов