– Приора, вправо принимаем, останавливаемся.
Демалыста тәртіп сақшыларына дамыл жоқ. Сенбі-жексенбі шенділер көше торуылдауды күшейтеді. Неге? Өйткені, ішіп алып рөлге отыратындар осы күндері және түнде шығады.
АЯГӨЗ ЕСМАҒАМБЕТОВА, СҚО ПД ЖПҚБ инспекторы:
– Рейдтік іс-шаралар барысында 15-17 қараша аралығында облыс аумағында 597 ЖҚЕ бұзушылық анықталды, оның ішінде 10 мас жүргізуші және 8 жүргізуші басқару құқығынан айырылған. 10 айда мас жүргізушілердің кінәсінен 18 жол-көлік оқиғасы орын алып, онда 1 адам қаза тауып, 24 адам жарақат алды. Мас күйінде басқару ЖҚЕ өрескел бұзу болып табылады, мұндай фактілерді жою бойынша жұмыс тұрақты негізде жүргізіледі.
Рөлде ұсталған мас жүргізушілердің барлығы әкімшілік қамаққа алынды. 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін. Еске сала кетейік, жүргізуші медициналық куәландырудан бас тартқан жағдайда 15 тәулікке қамаққа алынып, 8 жылға жүргізуші куәлігінен айыру жазасы қарастырылған.
Данаш Хамза