НҰРАСЫЛ ЕРЖАНҰЛЫ, тілші:
– Қазір айтсам сенбейсіздер, мына үлкен жәшіктерндегі темекі қораптарының саны 257 мыңды құрайды. Бүгін СҚО бойынша экономикалық тергеу департаменті зиянды заттардың бәрін жоймақ.
Елімізде заңсыз темекіні сатуға және жарнамалауға тыйым салынса да оны елге әкелетіндер азаймай тұр. Бірақ, пысықай кәсіпкерлердің қылмысы әшкере болса, бірнеше жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Мына жәшіктегі контрафактілік темекі қораптары – Қазақстан мен Ресей шекарасында тәркіленген. Тиісті құжаттары жоқ. Тергеу барысында шетелдік зиянды өнімдердің құны 100 млн теңгеге жуық екені анықталды.
ОКСАНА СИНЯКИНА, СҚО бойынша экономикалық тергеу департаментінің тергеушісі:
– Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық Кодексінің 214-ші бабы бойынша қылмыстық іс жүргізілуде. Барлығын жіті бақылдаудамыз. Егер күдіктілердің кінәлары дәлелденсе, айыппұлдар мен бас бостандығынан шектеу түріндегі жазалар тағайындалады. Бұл зиянды заттардың барлығы адам өміріне аса қауіпті. Осы орайда айтарым, акцизі жоқ темекі сатып жатқан адамдарды көрсеңіздер, бірден бізге хабар беріңіздер.
Айта кету керек, облыстық экономикалық тергеу департаментінің қарауында осы сынды 3 арыз бар.
Нұрасыл Ахмет