Жерлесіміз Камила Сексембай Петропавлға оралды. Еске сала кетейік, бұрымды Түркияда асық ату спортынан өткен Әлем кубогында жеңіске жетті. Көк байрағымызды желбіреткен чемпион қызды жақындары мен достары теміржол вокзалынан қарсы алды. Аққайың ауданына қарасты Дайындық ауылының тумасы қазір 28 жаста. Біраздан бері бесасық ойнайды. Жеңімпаз жақын арада қайтадан дайындыққа кіріспек. Ол ақпан айында Азия чемпионатында ел намысын қорғайды.
КАМИЛА СЕКСЕМБАЙ, бесасықтан Әлем кубогының жеңімпазы:
– Жарыс жақсы деңгейде өтті. Бізге Қырғызстан және Түркия елінің споршылары лайықты қарсылық танытты. Қазақсан құрамасы асық ату мен бесасық бойынша бірінші орын алдық. Сонымен қатар, жеке жарыста да бірінші орын алдым.
АҒЖАН СҰРАҒАНОВ, Камила Сексембайдың жеке жаттықтырушысы:
– Камила асық ату спортымен 2016 жылдан бері айналысып келе жатыр. Бұған дейін біраз жарыста бақ сынады.
Мәдина Қаби