Жеңіл, ыңғайлы, әдемі, ең бастысы, қолжетімді бағамен. Облыс орталығында Беларусь аяқ киімдерінің жәрмеңкесі жаңа қысқы топтамамен толықты. Шараға күн сайын кемінде 50-ге жуық адам келіп, өзіне керектіні сатып алады екен. Соның бірі – Галина Кузнецова. Азаматша аталған елдің аяқ киімдерін жоғары бағалайды.
ГАЛИНА КУЗНЕЦОВА, қала тұрғыны:
– Тауарлардың бәрі әдемі. Жыл сайын беларустық аяқ киім аламын. Отбасымдағыларға да осы жерден әперемін. Сапасына сөзім жоқ. Өте жақсы. Аяққа да жеңіл. Бізге қажеті де осы.
Жәрмеңкеде аға буын өкілдері де, жастар да өз талғамына сай аяқ киім таба алады. Беларусь елінде тігілген тауардан аяқ тоңбайды. Сатушылардың айтуынша, тауар сапасына алаңдаудың еш қажеті жоқ. Себебі, әрбіреуі былғарыдан жасалады.
АЛЁНА СОТСКОВА, сату жөніндегі менеджер:
– Тауардың басым бөлігі ортопедиялық. Бақай сүйегі шығыңқы келген жандар үшін өте ыңғайлы. Табаны жұмсақ, тайғанақ емес. Әйелдерге арналған аяқ киімнің өлшемі 36-дан 43-ке дейін болса, ерлер үшін 40-тан 49-ға дейін. Жалпы, біздің өнімдеріміз солтүстікқазақстандықтардың арасында жоғары сұранысқа ие.
Сондай-ақ, ертең тауар қатары ивановтық тоқымамен толығады. Жәрмеңке қарашаның 24-іне дейін жалғасады. Орналасқан жері – Теннис орталығы. Жәрмеңке таңғы 10-нан кешкі 19:00-ге дейін жұмыс істейді.