ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыстық департаментінің өкілдері 9 айлық жұмысқа қорытынды жасады. Жиында кадр тапшылығы жайында, осыншама уақытың ішінде қаншама құқық бұзушылық болғаны жайында айтылды. 9 айдың ішінде 15 мемлекеттік қызметшінің құқығы бұзылған. Кейін департамент мамандары бұл жұмысты қолға алып, құқықтарын қалпына келтірген.
ДАРХАН ЕРМЕКОВ, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі СҚО бойынша департаменті басқармасының бас маманы:
– Негізі, ең көп тіркелетін қателіктер – мемлекеттік қызметкерлер тәртіптік жауапкершілік сәтінде, мерзімдерін дұрыс сақтамайды. Сонымен қатар, басқа да құқық бұзушылықтар бар. Мониторинг нәтижесінде ең көп қателік жібірген аудандар – Тимирязев, Ғ.Мүсірепов аудандары.
Мамандар мемлекеттік органдарға барып және қашықтықтан қарай отырып мониторинг жүргізеді. Осы орайда қызметкерлерге қосымша жұмыс жүктелген 46 факті анықталды. Оның 36-сы расталып, артық жұмыс істеген қызметкерлерге үстеме ақша берілді. Сонымен қатар, кейбір басшылар құқық бұзған қызметшілерді іссапарға жіберген және сыйяқы да берген.
АСҚАР БАЙМҰҚАНОВ, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі СҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары:
– Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметшілердің құқықтары сыйяқы беру және іссапар бойынша бойынша бұзылды. Біз бұның барлығына талдау жүргіздік. Бүгінгі жиында осыны қарастырамыз.
Жалпы, облыста 4 мыңнан астам мемлекеттік қызметкер жұмыс істейді.
Мәдина Қаби