Қоғам

Қиын жағдайға тап болған балалардың құқығын қорғау мәселесі талқыланды

Дүниежүзілік балалар күніне орай психологиялық қолдау орталығының мамандары “Балалардың өмірі, денсаулығы мен әл-ауқаты біздің қолымызда” атты дөңгелек үстел жиынын ұйымдастырды. Шараға ата-аналар, құқық қорғау органдарының мамандары, психологтар мен әлеуметтік педагогтар қатысты. Жалпы, психологиялық қолдау орталығының ашылғанына 3 айдың жүзі ғана болған. Бұл – содан бері өткізіліп отырған 3-ші шара. Алдағы уақытта оның арасы жиілей түседі. Өйткені, қиын жағдайда қалған балаларға қолдау қажет, ал біз оларға дұрыс көмек көрсете білуіміз керек дейді орталық мамандары.

АЙНҰР НЫСЫНБАЕВА, СҚО Психологиялық қолдау орталығының әдіскері:

– Іс шараның мақсаты – балалардың құықтарына баса назар аудару, олардың құқықтары дұрыс қорғалып жатыр ма, соны білу үшін ұйымдастырып отырмыз. Мектеп жағдайында қиын жағдайға тап болған балаларға қандай қолдау қажет екенін мамандардан білетін боламыз.

Отбасында жылу көрмеген немесе жетім қалған. Кей жағдайда құқығы да сақталмай жатады. Бұның бәрі қорғаны жоқ баланы тұқырта түседі. Жиынға қатысушылар осыған алаңдаулы. Жақыны жоқ жаны нәзік жеткіншектер
ерекше көңілді қажет етеді дейді Қызылжар ауданындағы арнайы орталық мамандары. Архангельское ауылында орналасқан аталған мекемеде қазір 30 бала тәрбиеленіп жатыр.

ОЛЬГА СЕРГЕЕВА, Қызылжар аудандық өмірдің қиын жағдайына тап болған балаларды қолдау орталығының әлеуметтік педагогы:

– Орталыққа ата-анасы мен туыстарынан жәбір көрген жеткіншіктер жеткізіледі. Олар бізге келген кезде өте қиын жағдайда болады. Оларды түсіну де, тілін табу да қиын. Тағдырдың тәлкегіне түскен балаларды қалыпты өмірге қайтару біраз жұмысты қажет етеді. Балалар бізде жарты жылдай болады, кейін ата-аналарына оралады немесе Балаларды қолдау орталығына жіберіледі.

Жиында қиын жағдай тап болған балалардың құқығын қорғау турасында түрлі ұсыныс-пікір айтылды.

 

Мәдина Қаби