– Защита при угрозе ножом спереди. Всё, зачёт.
Полицейлер өзара мықтыны анықтады. Облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының мамандары «Өз кәсібінің үздігі» атты байқау өткізді. Оған 27 қызметкер қатысты. Шенділер дене шынықтыру, атыс даярлығынан және жауынгерлік күрес әдістерін меңгеруден сынақ тапсырды, заңнаманы білуден компьютерлік тестілеуден өтті.
– Сегодня прошёл конкурс, комиссия подвела итоги, и сегодня будем озвучивать лучших по профессии.
Байқау нәтижесінде тәжірибелі қызметкерлер жеңіске жетті. Учаскелік инспекторлар арасында Мамлют аудандық полиция бөлімінің қызметкері Александр Рогачев жеңімпаз атанды. Патрульдік полицейлер арасында облыстық ПД патрульдік полиция батальонының аға инспекторы Антон Сұлтангелдинов көш бастады. Ал ювеналдық полицейлер арасында Қызылжар ауданының полиция бөлімінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі аға инспекторы Жамбыл Кәкжанов жеңіске жетті.
ЖАМБЫЛ КӘКЖАНОВ, Қызылжар ауданы полиция бөлімінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі аға инспекторы:
– Мен ішкі істер органдарында 2007 жылдан бастап жұмыс істеп келемін. Менің жұмысым – кәмелетке толмағандарға қарсы немесе олар жасауы мүмкін құқық бұзушылықтарға жол бермеу. Аудан көлемінде бірінші орынға ие болдым. Облыста үздік атандым. Енді облыс республикалық кезеңге қатысамын.
Енді жеңімпаз атанғандар өңір намысын республикалық деңгейде қорғайды.
Мәдина Қаби