Құқық қорғау органдары

СҚО-да тіркелген интернет-алаяқтық фактілерінің саны 600-ден асты

– Просят продиктовать 4-значный код, указанный в смс-сообщении. Вы не слышали о таком? – Я не слышала.

Полицейлер петропавлдық базарлардың бірінде жадынама таратты. Шенділер қалалық жастар ресурстық орталығының еріктілерімен бірге тұрғындарға қулар жиі қолданатын тәсілдерді түсіндірді. Білген адам кейін өкінбейді.

– Чтоб вы знали алгоритм действий, куда нужно обращаться, как нужно себя вести, и как нужно не попасться на уловки мошенников.

Мамандар бұл ақпараттық-түсіндіру шарасын неге өткізіп жатыр? Себебі, алаяқтардың саны азаяр емес. Олар уақыт өткен сайын күшейіп барады деуге болады.

МИЛЕНА БАЛАЦКАЯ, СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі:

– Біз осындай шаралар арқылы алаяқтардың алдын алғымыз келеді. “Антифрод” акциясы барысында 7 қылмыс ашылды, оның төртеуі бұрын жасалған. Интернет кеңістігін бақылауды күшейттік. Бір күнде заңсыз мазмұны бар сайттарға 10 сілтеме анықталды. Олардың барлығын бұғаттау үшін “Кибернадзор” жүйесіне бағыттадық”.

СҚО-да 10 айдың ішінде 600-ден астам интернет-алаяқтық тіркелген. Оның жартысына жуығы “банктен қоңырау шалу” схемасы бойынша жасалған.

 

Данаш Хамза