Аймақ басшысы жұмыс сапарымен Аққайың ауданында болды. Алдымен Ғауез Нұрмұхамбетов Астраханка ауылындағы мәдениет үйіне барды. Нысан жергілікті серіктестіктің қолдауымен қайта есігін айқара ашты. Ғимаратта кездесулер мен мәдени іс-шаралар өткізуге арналған конференц-зал және кітапхана бар. Облыс әкімі шығармашылық ұжыммен әңгімелесіп, тұрғындардың өзгерістерге қатысты пікірін тыңдады.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
– Светлый, большой, уютный. Есть, где встречаться, время проводить, культурный досуг организовывать. Молодцы. Долго ждали? Мне сегодня сказали, что жители этого села очень активные, настоящие патриоты своей земли.
Облыс әкімі Ленинское ауылындағы көшелердің жағдайын да тексерді. Биыл елдімекеннің 5 көшесіне жаңа асфальт төселген. Ал Тюменка, Көктерек, Тоқшын және Власовка ауылдарына кіреберіс жолдар салыныпты. Ауданның автожолдарының жалпы ұзындығы 645,5 км құрайды. Осы жылға жоспарланған барлық жұмыстар дер кезінде аяқталған.
ЕРДЕН ШОРТЫБАЕВ, СҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы:
– Ленинское, Қиялы және Смирново ауылдарындағы ішкі жолдар жайлы айтсақ, бүгінде барлығында жұмыстар 100% аяқталды. Туындап отырған мәселе жоқ. «Петропавл жолдары» серіктестігі облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстаумен 2024 жылдың соңына дейін айналысады. Кеше байқау рәсімдері өтті, 2025-2026 жылдарға да аталған ұйым бекітілді.
Ғауез Нұрмұхамбетов Аралағаш ауылындағы «Северный бройлер» құс фабрикасында болды. Мұнда қанаттылар өсіріледі, оның етінен жартылай фабрикаттар дайындалады. Жаңа, заманауи инкубаторда жұмыртқа толық циклдан өтеді. Барлық қажетті жабдықтар сатып алынған.
СЕРГЕЙ ДОМАЕВ, “Птицефабрика Северный бройлер” ЖШС құрылтайшысы, Аққайың ауданы:
– Ең үздік голландтық жабдық сатып алынды. Ол әлемде бірінші саналады. Құс қоралары да толық көлемде салынып бітті. Бізде қанаттылар еркін жайылым түрде өсіріледі. 12 нысанның 10-ын бүгін де іске қоса аламыз, қалған екеуінде жабдықтарды монтаждау жұмыстары жүріп жатыр.
Ауданда 241 ауыл шаруашылығы кәсіпорны бар. Олардың 128-і мал шаруашылығымен айналысады.
ЖАНАР ҚҰСАЙЫН, Аққайың ауданының әкімі:
– Молочным производством занимаются 10 хозяйств с поголовьем 8,5 тысяч голов. Средний надой на одну фуражную корову составляет 26,5 литров по району при среднеобластном показателе 22,2 литра. – Сколько молочно-товарных ферм? – У нас 9 МТФ. – Самый большой показатель.
Одан кейін аймақ басшысы Рублевка ауылындағы «Иван Зенченко» серіктестігінде болды. Ғауез Нұрмұхамбетов мал азығын қарап, селекциялық комбайнның жұмысымен танысты.
ГЕННАДИЙ ЗЕНЧЕНКО, «Иван Зенченко» ЖШС директоры, Аққайың ауданы:
– Идёт на одну яму, берёт силос, потом сено, сенаж, перемешивает, заходит в комбикормовый, там перемешивает и после этого сам раздает. Делает 4 операции. – Здорово.
Облыс әкімі Безлесное селосының маңында көтеріліп жатқан қорғаныс үйіндісінің құрылысын да тексерді. Яғни, бүгінде ауданда тасқынның алдын алу жұмыстары бастау алған.
НҰРЛАН ТЕЛТАЕВ, Аққайың ауданы әкімінің орынбасары:
– Из местного бюджета выделили более 5 млн тенге. Работы завершаются, остался день-два. 3 км вала. – Раньше его не было? – Не было. Здесь большая вода стояла. Также в районе обвалованы еще 3 пункта. В этом году в Аралагаше 1,7 км нарастили сразу же после паводка, в Рублёвке – 1 км, там уже проблем нет. Два года назад сделали в Смирново.
Ал Власовка ауылында Ғауез Нұрмұхамбетов медициналық пункт құрылысының барысымен танысты. Жұмыс “Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту” жөніндегі ұлттық жоба аясында жүргізілуде. Осындай нысандар Тюменка және Ивановка ауылдарында да салынуда. Аймақ басшысы техникалық қадағалау мамандарына істің сапасын мұқият қадағалауды, бұзушылықтар анықталған жағдайда оларды тіркеп, хабарлауды тапсырды. Тұрғызылып жатқан тағы бір ғимарат – Қиялы ауылындағы «Гагарино» серіктестігінің тауарлы-сүт фермасы. Ол 400 ірі қараға арналған. Ғауез Нұрмұхамбетов өңірдегі ұзақ мерзімді фермалар мәселесіне назар аударып, оны шешу қажеттігін еске салды. Одан кейін облыс әкімі Шағалалы ауылындағы Петкус ауылшаруашылық тәжірибе станциясының тазарту желісінде ат аялдатты. Мамандар бірегей және элиталық тұқым өндірумен, бидайдың жаңа сорттарын шығарумен айналысады.
ВИТАЛИЙ ЗАИКА, “Солтүстік Қазақстан АШТС” ЖШС құрылтайшысы, Аққайың ауданы:
– В этом году уже передали на госсортоиспытания рожь озимую, пшеница сорта “Чаглинская-23” была передана в 2022 году. Наша “Семёновна” уже размножается, в прошлом году реализовывали элитные семена. В этом году мы засыпали порядка 3 тысяч тонн.
Осы жерде өңір басшысы жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесіп, қандай қиындықтар, жоспарлар мен ұсыныстар барын білді. Аққайың ауданының әкімі Жанар Құсайын астық жинау науқанының қорытындысы туралы баян етті.
ЖАНАР ҚҰСАЙЫН, Аққайың ауданының әкімі:
– Егін жинау науқаны 65 күнге созылды, оның 34-і жаңбырлы болды. Аудандағы жалпы егіс алқабы 217 мың гектарды құрады. 169 мыңында дәнді дақылдар өсірілді. 389 мың тонна астық бастырылды. Ал майлы дақылдар 30 500 га өсірілді. 14 центнерден өнім жиналып, 42 500 тонна қамбаға жеткізілді. Жем-шөп те молынан жиналды.
Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдардың өнімділігі гектарына 23 центнерді құрады. Айта кету керек, бұл – өңірдегі ең жоғары көрсеткіш.
Байболат Құлтанов