Тарихшы-ғалым Манаш Қозыбаевтың дүниеге келгеніне биыл 93 жыл толып отыр. Осындай маңызды датаға орай облыс орталығында “Қозыбаев оқулары 2024: Қазақстан және уақыттың замануи сын-қатерлері” атты халықаралық конференция өтті. Жиында облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов сөз сөйлеп, тарихи тұлғаның еңбегіне тоқталды.
ЖҮСІП ЖҰМАҒҰЛОВ, СҚО әкімінің орынбарасы:
– Манаш Қабашұлы – тарих ғылымының негізін қалаған, ірі ғалымдардың бірі. Өзінің зерттеулерімен ұлттық сананың қалыпасуына ықпал еткен көрнекті тұлға.
Конференцияға қазақстандық, польшалық, ресейлік, қырғызстандық және түркиялық ақын-жазушылар мен профессорлар қатысты. Арнайы әзірлеген баяндамаларын оқыды. Бірқатарына “Академик Манаш Қозыбаев” медалімен марапатталды.
2018 жылдары жергілікті университетте жұмыс істеген Орхан Сөйлемез қазір Түркия еліндегі Кастамону университетінің профессоры болып табылады. Ғалым қазіргі жастардың Манаш Қабашұлының қалдырған мұрасынан үйренері көп дейді.
ОРХАН СӨЙЛЕМЕЗ, Кастамону университетінің профессоры, Түркия Республикасы:
– Қазақтың жастарына Манаш ағайдың шығармалары жол көрсетеді деп ойлаймын. Шығармаларын оқып, одан үлгі алып, алға жылжулары керек. Халық ұлт болам десе, тарихтан бастауы қажет. Жастар тарихын жақсы білсе, болашақтары да жарқын болмақ. Қазақ әдебиетінің үлкен жазушыларының еңбектері жайлы жазамын. Махамбет Өтемісұлы, Жамбыл, Абай сияқты жазушылардың еңбектерін зерттеймін.
Астана қаласынан келіп отырған Зирабүбі Төленова кезінде академик Манаш Қозыбаевтың хатшысы болған. Қазіргі таңда ғалымның еңбектерін зерттеумен айналысады. Ол да бүгінгі жиында мадельмен марапатталды. Нәзікжанды ерекше тұлғаның ұлы қайраткерлер жайлы жазғанын баяндады.
ЗИРАБҮБІ ТӨЛЕНОВА, ҚР Орталық мемлекеттік архиві Әлеуетті орталығы басшысының міндетін атқарушы:
– Алты жылдай Манаш ағаның көмекшісі, хатшысы ретінде жұмыс істей отырып тәуелсіздік жылдарындағы шыққан еңбектерінің жарыққа шығуына көмектестім.
Сонымен қатар осыдан үш күн бұрын университет қабырғасында Манаш Қабашұлының мерейтойына орай студенттер арасында эссе жазудан байқау өткен болатын. Бүгін сол сайыстың жеңімпаздары анықталып, марапатталды.
Жеңімпаз бен жүлдегерлерге ақшалай сыйақы берілді. Ал бас жүлдені – “Тарих” мамандығына оқып жүрген 2-ші курс студенті Салтанат Қоспанова иеленді.
САЛТАНАТ ҚОСПАНОВА, М.Қозыбаев атындағы СҚУ студенті:
– Мен өзімнің эссемде Манаш Қабашұлының еңбегіне үңілдім. Ол кісі қазақ халқының тарихын херттеген. Аштық кезі жайлы жазған. Өзім болашақ тарихшы болғандықтан маған эссе жазу қиынға соққан жоқ. Негізі, осындай шараларға жиі қатысып отырамын. Мұндай байқаулар жастардың тарихқа деген қызығушылын арттыруға ықпал етеді.
Қоса кетейік, бүгін университет қабырғасында инклюзивті білім беру орталығының ашылу салтанаты да өтті.
Мәдина Қаби