Аққайың ауданына жасаған жұмыс сапары барысында облыс әкімі жергілікті тұрғындармен кездесті. Ғауез Нұрмұхамбетов ауылдықтардың өтініштерін мұқият тыңдады.
СВЕТЛАНА ГОЛОД, Добровольское ауылының тұрғыны, Аққайың ауданы:
– Вы озвучили, что будет проводиться ремонт дороги районного значения Добровольское-Черкасское-Новороссийка. Когда планируется ремонт?
Облыстық басқармаға 3,5 млрд теңге көлемінде қаражат бөлу туралы өтінім жолданды, деп мәлімдеді аудан әкімі Жанар Құсайын. Бұл қаржы аудандық маңыздағы жолдарды жөндеуге жұмсалады. Ал аталған учаскені ретте келтіру үшін 1 млрд теңгеден астам ақша қажет. Көтерілген мәселеге қатысты Ерден Шортыбаев пікір білдірді.
ЕРДЕН ШОРТЫБАЕВ, СҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы:
– Ауданда облыстық маңызға ие жолдар бар. Өздеріңіз білесіздер, Смирново мен Қиялы арасындағы 17 шақырым күрделі жөндеу көруде. Бұған бірсыпыра қаржы жұмсалады. Сондай-ақ, біз Камышлово мен Тюменка ауылдары арасындағы жолды ретке келтірудеміз. Бұл жобалар аяқталғасын қалтаға қараймыз. Егер ақша артылып қалса, сіз айтқан учаскені жөндеудің қамына кірісеміз.
Кәсіпкерлердің міндеті – елдімекендерді дамыту, деп атап өтті өңір басшысы. Қуанышымызға орай, біздің өңірде ондай диқандар баршылық. Мұндай азаматтар әлеуметтік маңызы бар нысандар мен үйлер салуға, ауылдарды абаттандыруға, соның ішінде автожолдарды жөндеуге қаражат бөледі.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
– Бүгінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілермен бірге көшелерді жөндеу бойынша келісімге келдік. Бұл – орынды шешім. Биыл 1000 шақырымға жуық автожол салынды, жөнделді. Шамамен 90 млрд теңге жұмсалды, қаржы көлемі өткен жылғыдан екі есе көп. Мемлекет жыл сайын инфрақұрылымға, сумен жабдықтауға, әлеуметтік нысандарды жөндеуге ақша жұмсайды. Алайда, бәрін қамту мүмкін емес. Іске диқандар тартылып жатыр. Осындай жандармен мақтана аламыз.
Кездесуде Шағалалы ауылындағы орта мектепке қатысты да мәселе көтерілді. Педагогтар ғимараттың қасбетіне ерекше көңіл бөлуді сұрайды.
КҮЛЗАЙРА СҮЛЕЙМЕНОВА, Шағалалы орта мектебінің мұғалімі, Аққайың ауданы:
– Келер жылы бізде жылу жүйесі ауыстырылады. Мектепті қаптауды сұраймыз. Ауылдағы білім ұясы ашық жерде тұр. Қыста іші суып кетеді. Кірпіштен тұрғызылған ғимаратты жақсылып қаптау керек.
ЖАНАР ҚҰСАЙЫН, Аққайың ауданының әкімі:
– Қазір жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Мектептің 4-ші қабаты жұмыс істемейді және жылытылмайды. Мен нысанда болдым. Біз жергілікті серіктестік басшысымен 4-ші қабатты пайдалануға беру бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу туралы келісімге келдік. Оған мектептің қасбетін жөндеуді де қосамыз.
Ауыл тұрғындары көтерген барлық мәселе бақылауға алынды. Мүмкіндікті пайдалана отырып, аудан әкімі Жанар Құсайын әлеуметтік-экономикалық даму жоспарлары мен қорытындыларын баян етті.
ЖАНАР ҚҰСАЙЫН, Аққайың ауданының әкімі:
– Наращиваются объемы производства фанеры в с.Токуши. В с.Дайындык будет осуществлен запуск цеха по переработке масличных культур мощностью 7 тонн в сутки. По итогам года прогнозирую индекс физического объема в сфере промышленности 100,3%.
Ал жалпы өңірдің дамуы туралы Ғауез Нұрмұхамбетов айтып өтті. Аймақ басшысы өз баяндамасында көктемгі су тасқынына ерекше назар аударды.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
– Биыл облыста 4 мыңға жуық тұрғын үйді су басты. Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданы айтарлықтай зардап шекті. Аудандарға қызыл судан да қауіп төнді. Осындай қиын шақта берілмедік, бірге әрекет еттік. Оның ішінде сіздер де көмек қолын создыңыздар. Алғысымды білдіремін!
Өз кезегінде Аққайың ауданының тұрғындары бұқараның базынасына құлақ түрген аймақ басшысына алғыс білдірді.
Байболат Құлтанов