Қоғам

В.Макиенкоға Беларусь жерін фашистік басқыншылардан азат етудің 80 жылдығына орай медаль табыс етілді

Ардагерге алғыс. Бүгін Василий Макиенкоға Беларусь жерін фашистік басқыншылардан азат етудің 80 жылдығына орай медаль табыс етілді. Марапатты аталған елдің елшілігі жолдап отыр.

Василий Васильевич – Солтүстік Қазақстан облысының тумасы. 17 жасында әскерге шақырылып, 3-ші Беларусь майданы құрамында 163-гвардиялық атқыштар дивизиясының 317-атқыштар полкінде жасақ командирі қызметін атқарған. Қарт майдангер – сондай-ақ, 2-дәрежелі Отан соғысы ордені, “Кенигсбергті алғаны үшін” және “Германияны жеңгені үшін” медальдарының иегері. Василий Макиенко соғыстан кейін “Есіл су” кәсіпорнында еңбек еткен. Жиында қария соғыс жылдарын еске алып, үзеңгілестерінің ерлігі жайлы әңгімеледі.

ВАСИЛИЙ МАКИЕНКО, Ұлы Отан соғысының ардагері:

– Отан алдындағы борышымды Беларусь жерінде әуе-десант әскері қатарында өтедім. Үздік парашютшы атандым. Парашютпен 75 рет секіріппін. Кейін сол жерде жұмыс істеп те үлгердім. Аяқ киім фабрикасында еңбек еткенім бар. Бүгінгі марапаттарыңызға ризамын. Ұрпақтың ұрыс даласында бейбітшілік үшін қанын төгіп, жанын қиған аталарының еңбегі мен ерлігін ұмытпағаны – біз үшін асыл дүние.

 

Данаш Хамза