Петропавл гуманитарлық-техникалық колледжінің тарихы 20-шы ғасырдың басынан бастау алады. Ресейдің Ленинград қаласынан сонау сұрапыл соғыс жылдары көшірілген білім ордасына биыл 94 жыл толады. Қиын-қыстау кезде жергілікті тұрғындар бөгде жерге қоныс аударған оқытушылар мен студенттерге көп көмек көрсеткен. Бүгін айтулы датаға орай білім ордасында бірнеше іс-шара өтті. Оның бірінде студенттерге колледждің өткені мен бүгіні баяндалды.
СӘУЛЕШ ШЕРЯЗДАНОВА, Петропавл гуманитарлық-техникалық колледжінің қазақ тілі пәні оқытушысы:
– Колледжде түрлі тақырыптарда ашық сабақтар өткіземіз. Биыл білім ордасына 250 бала оқуға түсті.
Бүгінде 800-ге жуық студент білім ошағында 10-нан астам жуық мамандық бойынша білім алады. Колледжде жастардың бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастырып, оларды жақсы қасиеттерге баулуға зор мән беріледі. Оқу ордасында құрылыс мамандықтарына көп көңіл бөлінген. Себебі, Мемлекет басшысы келер жылды “Жұмысшы мамандықтары жылы” деп жариялаған болатын. Айтулы күнге орай өткізілген келесі жиында аталған саланың қыр-сыры айтылды. Басқосуға колледж түлегі Андрей Тимофеев шақыртылған. Ол жастармен өзінің тәжірибесімен бөлісті.
АНДРЕЙ ТИМОФЕЕВ, Петропавл гуманитарлық-техникалық колледжінің түлегі:
– Өмірімнің ең жарқын шағы осында өтті деп айта аламын. Оқу ордасын биыл тәмәмдасам да сағынып келіп тұрамын. Бұл жер мен үшін өте ыстық. Қазіргі таңда “Зерттеу СК” құрылыс компаниясында жұмыс істеймін. Мұндағы алған білімімнің көп көмегі тиді. Бірнеше жобамды сәтті қорғап, сол бойынша табыс табудамын. Оқытушыларға алғысым шексіз. Олар болмаса мен осындай дәрежеге жетпес едім.
Айта кету керек, Петропавл гуманитарлық-техникалық колледжі – қаламыздағы “Туризм” мамандығына оқытатын жалғыз арнайы орта білім беретін оқу орны. Айтулы күнге орай аталған салада жетістікке жеткен жандар студенттермен кездесу өткізді.
Нұрасыл Ахмет