Қоғам

Сақ болыңыз, интернет-алаяқтықтың жаңа түрі шықты

Алаяқтар заманауи технологиядан қалыс қалар емес. Енді олар нейрондық желілердің мүмкіндіктерін пайдалануда. Қулар жасанды интеллектінің көмегімен кез келген адамның бейнесі мен даусын бастапқы бейнеге қабаттастыра алады. Бұл әдіс “дипфейк” деп аталады. Сосын жалған бейнені адамның жақындарына жолдап, ақша сұратады. Сол себепті, күмәнді сілтемеге өтпеу қажет. Еске сала кетейік, алаяқтар байқау қатысушысына дауыс беріңіз деген сілтемені жиі жолдайды екен. Өтсеңіз, алаяқ дипфейк жасау үшін қажет ақпаратқа ие болады.

 

Данаш Хамза