Қоғам

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы: 9 адамның құқығы қалпына келтірілді

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы – Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыстық департаменті мамандарының назарында. Ведомство қызметкерлері биыл 9 арызданушының келтірген дәлелін растаған. Яғни, қызметалушылардың жер қатынастары, құжаттандыру, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік қамсыздандыру және жылжымайтын мүлік саласына қатысты құқығы қалпына келтірілді.
Мәселен, бір серіктестіктің пестицид құнын субсидиялауға берген өтінімін ауыл шаруашылығы басқармасы егістік аумағы артық көрсетілгендігін желеу етіп мақұлдамаған. Мемлекеттік қызмет департаментінің мамандары мәселені майшаммен қарап, жер аумағына қатысты көрсеткіштердің сәйкессіздік себебін анықтайды. Нәтижесінде сандар ретке келтіріліп, серіктестік иесінің субсидия алуға қатысты 11 өтінімі мақұлданған.

 

Данаш Хамза