Ұлттық ойынымыз Түркия төрінде ұлықталды! Күні кеше ғана Анкара шаһарында асық спортынан Әлем кубогі аяқталды. Жаһандық жарыста ел құрамасы сапында өнер көрсететін солтүстікқазақстандық бесасықшы Камила Сексембай жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Ол жекелей сында және командалық сайыста қарсылас шақ келтірмеді. Белгілі терісейлік бапкер Ағжан Сұрағановтың қол астында жаттығатын аруды алда тағы бір маңызды дода күтіп тұр.
АҒЖАН СҰРАҒАНОВ, Камила Сексембайдың жеке жаттықтырушысы:
– Камила Сексембай – Аққайың ауданы Дайындық ауылының тумасы. Елге келгесін дайындықты жалғастырамыз. Алда Азия біріншілігі тұр.
Байболат Құлтанов