Сәния Смаилова облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасына басшы болып тағайындалды. Сәния Николайқызы 1969 жылы дүниеге келген. Осы өңірдің тумасы. Омбы ауыл шаруашылығы институтын, Көкшетау гуманитарлық-экономикалық университетiн «Жерге орналастырушы инженер», «Қаржы және кредит» мамандықтары бойынша бітірген. Осы тағайындауға дейін Сәния Николайқызы Петропавл қаласы әкімінің экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
– Менің үкіміммен Сәния Николайқызы Смаилова СҚО әкімдігінің мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы болып тағайындалды. Әр жылдары облыстың қаржы басқармасында, білім саласында жұмыс істеді.
Данаш Хамза