Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде жалынды жастар жобаларын қорғады. Әзірлеген жұмыстардың барлығы көпшілікті алаңдатып отырған экологиялық проблемаларды біржақты етуге бағытталған. Шара халықаралық стастусқа ие.
Петропавлдық Ғалымжан Дұрдыханды тұрғындардың хлорға толы су ішкендері қынжылтады. Оның жобасы тіршілік көзін тазартуға қатысты.
ҒАЛЫМЖАН ДҰРДЫХАН, жоба авторы:
– Жобамның тақырыбы – “Сапалы су – адам денсаулығының басты кепілі”. Жобаның мақсаты – судың сапасын зерттеу. Жетекшіммен бірге студенттер арасында сауалнама жүргізіп, тәжірибе жұмыстарымен айналыстық. Су әрқашан таза болу үшін жаңа қондырғыларды орнатып, құбырларды тазалап отыру қажет.
Өскемен, Орал, Көкшетау, Петропавл. Жобалар сайысына 70 шақты қазақстандық студент қатысты. Өңірімізде алғаш рет өтіп отырған байқауға ресейлік дарынды жастар онлайн режимде қатысты.
АНАР НҰРҒАЛИЕВА, Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің әдіскері:
– Іс-шараның мақсаты – студенттерді іздену, қарастыру жұмыстарына баулу. Маңызы бар мәселелерді шешумен таныстыру. Фестиваль онлайн және офлайн түрде 5 бағытта өтеді.
Жастардың ортаға салған ұсыныстарын қатысушылардың барлығы мұқият тыңдады. Ал жобаларды жергілікті университет оқытушылары, профессорлары және экология саласында еңбек ететін жандар бағалады.
Мәдина Қаби