МТРА жаңалықтары

Петропавлда Жамбыл Тасеменовтың құрметіне арналған ашық республикалық турнир басталды

Петропавлда жасөпірімдер арасында грек-рим күресінен ашық республикалық турнир бастау алды. Дүбірлі дода атағынан ат үркер палуан, Солтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы, Қазақстанның құрметті спорт шебері Жамбыл Тасеменовтың құрметіне кезекті мәрте ұйымдастырылып отыр.

ЖАМБЫЛ ТАСЕМЕНОВ, Солтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы:

– Жоғары оқу орнына түскеннен кейін бір жылдың ішінде инстиутут және облыс чемпионы атандым. Талай жарыста жеңіс тұғырынан көріндім.

Бозкілемде 41 келі салмақ дәрежесіндегі палуандар күресуде. Екеуі де жергілікті спорт мектебінде тәлім алады. Жігерлі әрі шымыр балалар біраз аңдысты, бірі белден алғысы келсе, екінші қарсыластың қолдары арқылы әдіс жасауға талпынды. Жеңімпаз – Ильяс Булегенов. Ол ұтымды сәтті оңтайлы пайдаланды.

ИЛЬЯС БУЛЕГЕНОВ, турнирге қатысушы:

– Мен бұл спорт түрімен 5 жастан бастап айналысамын. Қазір 13 жастамын. Қарсыласымды жақсы танимын. Бірге жаттығамыз. Негізі осал бала емес. Оңай жеңдім деп айта алмаймын. Енді келесі белдесулерге дайындаламын.

Жамбыл Тасеменовтың кұрметіне ұйымдастырылған дүбірлі дода теріскей өңірде осымен 10 жылдан артық өткізіліп келеді. Биылғы турнир 2 күнге созылады. Қатысушылар 12 салмақ дәрежесі бойынша күреседі.

МЕЙРАМ ХАМЗИН, турнирдің бас төрешісі:

– Жарысқа 2010 жылғы және одан төмен жастағы споршылар қатысуда.

Өңірімізден тылай мықты палуан шықты. Әлі де шығып жатыр. Бұл ретте кезінде бірсыпыра жастың томағасын сыпырған Жамбыл Тасеменовтың еңбегін айтпай кетпеске болмайды.

МЕЙРАМ ХАМЗИН, турнирдің бас төрешісі:

– Солтүстікқазақстандық палуандар республикалық, халықаралық жарыстарға жиі қатысады. Осы мектептің түлегі Жоламан Дәуренбеков жақында Әлем чемпионатында күміс жүлдегері атанды.

Қазақстандық, ресейлік және қырғызстандық палуандар! Жалпы, биылғы турнирге 200 шақты спортшы қатысып жатыр.

 

Мәдина Қаби