Қолайсыз ауа райы тұрғындардың жүріп-тұруына кедергі келтіруде. Дүлей желмен мен толассыз жауған қардың салдарынан Петропавлда көліктер соқтысып, адамдар тайып жығылуда. Мысалы, қарашаның 6-сы күні облыстық көпбейінді жедел медициналық жәрдем ауруханасына түрлі дене жарақатымен бақандай 120 адам түскен.
ДЕНИС ПЕТРОВ, СҚО көпбейінді жедел медициналық жәрдем ауруханасының травматолог-ортопед дәрігері:
– Бізге түскен 44 адамның дене мүшелері сынған. 46 тұрғын жарақат алған. Жол-көлік оқиғасы кезінде зардап шеккен жандар да бар. 50-ден астам адамға гипс тағылды. Ал 6 науқас ауруханаға жатқызылды. Бұл – небәрі 1 күннің статистикасы.
Дәрігерлер азаматтарды сақ жүруге шақырады. Бұл ретте адамдар ыңғайлы және сапалы аяқ киім кигендері жөн. Сондай-ақ, алкогольдік ішімдік ішіп, көшеде жүрмеу қажет. Шайтан су қозғалысты нашарлатады және реакцияны баяулатады.
Байболат Құлтанов