Құқық қорғау органдары

Петропавлда көкшетаулық жігіт есірткінің ірі партиясымен ұсталды

Петропавлда көкшетаулық 24 жастағы жігіт есірткінің ірі партиясымен ұсталды! Жедел уәкілдердің айтуынша, ол интернет-дүкендердің бірінде жұмыс істеген. Психотроптық заттардың үлкен көлемін жоспарлаған орындарға қойып кетіп отырған. Содан кейін оларды жасырушылар ұсақтап, жан-жаққа таратқан. Күдікті Космонавтов көшесінде қолға түсті. Жеке тінту кезінде одан 25-30 қалташадан салынған 10 пакет тәркіленді. Сараптама қорытындысы бойының оның 437 грамм мефедрон және “α-PvP” деп аталатын синтетикалық есірткі екені анықталды.

АСҚАР МҰХАМЕТҚАЛИЕВ, СҚО ПД бастығының орынбасары:

– Бұл – биылғы жылы тәркіленген синтетикалық есірткінің ең ірі партияларының бірі. Күдікті күзетпен қамауға алынды. Электрондық ақпараттық ресурстарды пайдалану арқылы аса ірі мөлшерде есірткі өткізгені үшін ол 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

 

Байболат Құлтанов