Мәдениет

Біржан сал Қожағұлұлының дүниеге келгеніне – 190 жыл

Атақты әнші-ақын, композитор Біржан салдың туғанына – 190 жыл. Осыған орай облыстық С.Мұқанов атындағы кітапханада әдеби-музыкалық кеш ұйымдастырылды. Оған өңіріміздің зиялы қауым өкілдері мен қаламгерлер және жастар шақырылды. Белгілі күйші-домбырашы Серікбай Құсайынов тарихи тұлғаның өмірімен таныс, кеште алтыннан қымбат ақпармен бөлісті.

СЕРІКБАЙ ҚҰСАЙЫНОВ, Солтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы, күйші-домбырашы:

– Кезінде ән атасы көптеген әншілерді, ақындарды өнер жолына баулыған. Олар: Шөже, Орынбай сияқты адамдар. Біржан салдың соңынан Жаяу Мұса, Балуан Шолақ пен Ақан сері сияқты адамдар жүрген. Сегіз сері деген бабамыз болған. Біржан сал содан тәлім алған.

Бүгінде Біржан салдың өмірі жайлы бірсыпыра дерек мәлім. Алайда, оның қай жерде туғаны туралы ақпар қате болып шықты. Бертін келе өнер иесінің Жамбыл ауданы Ғ.Мүсірепов ауылынының маңында өмір есігін ашқаны анықталыпты.

ДӘСТЕН БАЙМҰҚАНОВ, ақын, сазгер, өлкетанушы:

– Біржанның тұлғасы, өнері, шығармашылығы біздің өңірімізде ерекше орын алады. Бүгінгі күні әншілердің барлығын мақтаймыз. Қарап тұрсаң, олардың айтып жүрген әндері – Біржан салдың, Ақан серінің, Үкілі Ыбырайдың, Естайдың, Мәдидің әндері.

Кеште Біржан бабамызға байланысты баяндамалар оқылды. Сонымен қатар, оның әуезді әндері шырқалды.

 

Мәдина Қаби