Құтқарушылар Есіл өзенінде күннің суығына қарамастан кезекті рейд өткізді. Мақсат – балықшылармен жүздесу. Мамандар балық аулауды жаны сүйетін жандардың тиісті ережені сақтағанын қалайды. Талап бойынша қармақ ұстаған адамдар арнайы күртеше киюлері қажет, тор салмаулары міндетті.
ТЕМІРХАН САҒЫНДЫҚОВ, Петропавл қалалық ТЖБ азаматтық қорғаныс тобының офицері:
– Рейд барысында адамдарға мұз үстінде балық аулау ережелерін де түсіндіреміз. Жаднама таратамыз.
Түсірілім тобы құтқарушылармен бірге қайыққа отырып, өзен бойын шолып шықты. Көзімізге балық аулап отырған бірде-бір адам түспеді. Мұндай рейд барысында мамандар адамдарға ақпар беріп қана қоймайды. Ереже бұзғандарды жазаға да тартады.
ТЕМІРХАН САҒЫНДЫҚОВ, Петропавл қалалық ТЖБ азаматтық қорғаныс тобының офицері:
– Жыл басынан бері 1 адам балық аулап жүріп ажал құшты. Тексеру жұмыстары барысында 3 адамды әкімшілік жауапкершілікке тарттық.
Құтқарушылар рейдтік шараны тұрақты негізде өткізбек. Мамандар алдағы уақытта өзге де өзен-көлдерді қамтымақшы.
Нұрасыл Ахмет