Қоғам

Әдеп жөніндегі уәкілдің міндеті

Мемлекеттік қызметші адалдық, әділдік және ашықтық қағидаттарын берік ұстануы керек. Ел дамуы жолында еңбек ететін мамандар жұмыстан тыс уақытта да белгілі бір талаптарды ескеру міндетті. Мұның барлығы Әдеп кодексінде тайға таңба басқандай жазылған. Бұл ретте әдеп жөніндегі уәкілдер маңызды рөл атқарады.

АДАЙ МАҒЗҰМОВ, СҚО әділет департаменті басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл:

– Уәкіл мемлекеттік қызметшілерге этикалық және моральдық аспектілермен байланысты мәселелерді шешуге көмектеседі.

Бүгінде әдеп жөніндегі уәкіл әр мемлекеттік органда бар. Ол ұжыммен тығыз байланыста болуы керек. Мамандардың басын қосып, тиісті ережелерді еске салу, өзгерістерді хабарлау – уәкілдің міндеті.

АДАЙ МАҒЗҰМОВ, СҚО әділет департаменті басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл:

– Әдеп жөніндегі уәкілдің негізгі міндетінің бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес. Ол тиісті органдармен тығыз байланыста болады.

Бір сөзбен айтсақ, әдеп жөніндегі уәкіл – мемлекеттік қызметшілердің қорғаушысы және кеңесшісі. Қазақстанда бұл қызмет 7 жыл бұрын пайда болды. Осы уақыт ішінде мемлекеттік органдарда айтарлықтай оң өзгерістер орын алды.

 

Байболат Құлтанов