Қоғам

Қараша айында температура 20 градусқа дейін төмендейді

Солтүстікқазақстандық синоптиктер қарашаға болжам жасады. Мамандардың хабарлауынша, облыста күздің соңғы айында ауа райы құбылмалы болады. Күн бірде жылынады, бірде салқындайды. Ұсынылған дерекке сүйенсек, алғашқы онкүндіктің бірінші жартысында күндіз сынып бағанасы 2 градус жылыдан 0-5 градусқа, кей жерде 8 градусқа дейін төмендейді.

ГҮЛЗАТ ҒАЗИЗОВА, «Қазгидромет» РММ СҚОФ бөлім басшысы:

– Екінші онкүндікте ауа температурасы түнде 3-8 градус аяздан 15-20 градус аязга дейін, күндіз 2 градус аяз бен 3 градус жылыдан 9-14 градус аязға дейін біртіндеп темендеуі болжанады. Ал онкүндіктің сонында ауа температурасының жоғарлауы күтіледі.

Көзді ашып-жұмғанша желтоқсанға да жетеміз. Қыстың ауылы алыс емес. Бұл қарашадағы ауа райына әсер етпей қоймайды. Үшінші онкүндікте сынып бағанасы айтарлықтай төмендейді.

ГҮЛЗАТ ҒАЗИЗОВА, «Қазгидромет» РММ СҚОФ бөлім басшысы:

– Бірінші онкүндіктің екінші жартысында жауын-шашын, қар, көктайғақ күтіледі. Екінші онкүндіктің басында қар жауады. 15-20 м/с жел соғады, бұрқасын жиі болуы мүмкін.

Енді тарихқа үңілетін болсақ, 1955 жылдың 1-ші қарашасында өңірімізде 14,1 градус жылы болған. Ал ең суық температура 87-ші жылдың 24-ші жұлдызында тіркеліпті. Ол күні сынап бағанасы 37,5 градусты көрсетіпті.

 

Мәдина Қаби