Білім

Жас ұстаздар форумы

Жас ұстаздар форумы! Петропавлда 5 жылдан аз тәжірибесі бар педагогтар арасында облыстық жиын өтті. Оған 120-дан астам маман қатысты. Шара барысында жастарға саланың жілігін шағып, майын ішкен әріптестері ақыл-кеңес бермек.

ДАНИЯР УӘЛИЕВ, Химия-биология бағытындағы НЗМ директоры:

– Қош келдіңіздер! Бұл форум аясында тәжірибелі ұстаздармен кездесу болады. Тәжірибе жинайтындарыңызға сенімдімін!

Әсемгүл Тешебаева Мамлют ауданына қарасты Краснозменное орта мектебінде екінші жыл жұмыс істейді. Жас ұстаз бастауыштағы орыс сыныптарына қазақ тілінен сабақ береді. “Білгенім бір тоғыз, білмейтінім тоқсан тоғыз” деп пікір білдірген жерлесіміз шеберлік шыңдауға қашан да ынталы.

ӘСЕМГҮЛ ТЕШЕБАЕВА, форумға қатысушы, Мамлют ауданы:

– Бүгінгі форумнан күтетінім зор. Сабақты қалай өткізу қажеттігін, балалармен жұмыс істеуді осы іс-шарадан үйренемін деген ойдамын. Жас маман болған соң ізденіс керек. Өзімді жан-жақтымын деп айта аламын.

Жиында 8 жас педагог өздерінің қатарластарына тәжірибе сабағын өткізді. Бұлар – республикалық форумдарға қатысып, біраз жетістіктерге жеткен мамандар. Марина Сураганованың ұлты – орыс. Бірақ, жүрегі қазақ деп соғады. Ол Петерфельд ауылында бастауыш сыныптарға ана тілімізде сабақ береді. Бүгін өзінің әріптестеріне білген-түйгенімен бөлісті.

МАРИНА СУРАГАНОВА, форумға қатысушы, Қызылжар ауданы:

– Мен әріптестеріме “Жасанды интеллект” жайлы тәжірибе сағатын өткіземін. Барлығымыз бүгінгі жиыннан үлкен тәжірибе жинап, жаңа таныстар табамыз деген ойдамын. Жасанды интеллект – компьютердің ойлау қабілеті. Яғни, тапсырамаларды құрастыру кезінде көмекші құрал деп айтсам болады.

Жас ұстаздар форумы облыста осымен 3-ші жыл қатарынан өткізіліп келеді. Оған қатысушы ұстаздардың саны жылдан-жылға артуда.