Бір жеңіс және бір жеңіліс! Петропавлдық “Құлагер” мен елордалық “Номад” клубтары арасында тартысқа толы 2 кездесу өтті. Алғашқы матчта теріскейліктер 2 де 1 есебімен басым түсті. Ал қарымта ойында астаналықтардың жолы болды. Олар овертайымда шайбаны қақпамызға дарытып, қоржындарын ұпаймен майлады. Бүгінгі таңда “Құлагер” 16 ұпаймен турнирлік кестенің 6 сатысында тұр. Жергілікті ұжым ендігі қос кездесуді облыс орталығында қарашаның 17-сі және 18-сі күндері рудныйлық “Горняк” командасына қарсы өткізеді.