Қоғам

Теріскейлік шекарашылар 2 тоннаға жақын прекурсорды кіргізбеді

Сауысқандай сақ теріскейлік шекарашылардың 10 айдағы жұмысы қорытындыланды. Мамандар жыл басынан бері өңірімізге прекурсор кіргізуді көздегендердің 12 әрекетіне тосқауыл қойған. Ал тыйым салынған заттың жалпы салмағы 1 тонна 693 келі 152,69 граммды құрайды. Бейінді департамент психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, оларды жөнелту не өткізу үшін тұлғаның мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 20 дейінгі мерзімге немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін еске салады.

 

Мәдина Қаби