“Тазалық – бірінші орында”! Осындай ұранды ұстанған университет студенттері жатақхана маңайын күл-қоқыстан тазалады. №1 студенттер үйінің жанын жапырақ басып кеткен, қалдықтар да көзге түседі. Батыр Асылбаев – 4-ші курс студенті. Өзі жатақханада тұрмаса да, достарына көмектесуге келіпті.
БАТЫР АСЫЛБАЕВ, студент:
– Мен негізі жатақханада тұрмаймын. Достырым мен топтастарыма көмектесуге келіп отырмын. Біз жатақхананың маңайын ғана емес, барлық жерді таза ұстауымыз қажет. Қоқыс тастасақ, мұны жасөспірімдер көреді, кейін олар да айналаны ластайды. Біз оларға үлгі болуымыз қажет.
Ешкім бос жүрмеді. Қатысушылардың қолында тырнауыш, сыпырғыш және қап бар. Ұл-қыздар апта сайын осындай бейсенбілік, сенбілікті өткізіп тұрады екен. “Бірлесе көтерген жүк жеңіл” демекші”, көтеріңкі көңіл-күйдегі жалынды жастар аз уақыттың ішінде маңайды тап-таза етті.
АЛЕКСАНДР ЗЕЛЬ, «AMANAT» партиясы «Болашақ» филиалының атқарушы хатшысы:
– Біз “Таза Қазақстан” акциясын жыл бойы өткізіп келеміз. Күннің суығына қарап жатқан жоқпыз. Мақсатымыз – білім ордасының аумағына тазалау. Жұмыс істеген студенттердің жартысы осы жатақханада тұрады. Олар құлшына тер төкті. Ортақ үйлерінің айналасы таза болғанын қалайды.
Студенттер жинаған қоқыс қап-қап болып бір жерге үйілді. Олар қала сыртына шығарылады. Жалпы, бүгінгі “Таза бейсенбілік” шарасына 100 шақты студент қатысты.
Мәдина Қаби