Экология

Петропавл 2-ЖЭО-да бірегей жүйе таныстырылды

Өткен жылдың желтоқсан айында Петропавлдағы 2-ЖЭО-да бірегей жүйе пайда болды. Ол ауадағы зиянды заттарды автоматты түрде өлшейді, тіркейді, кейін ақпаратты ұсынады. Айта кету керек, заманауи техникалық жабдық осыдан 6 ай бұрын ғана іске қосылған.

НИКОЛАЙ МАКСИМОВ, “СЕВКАЗЭНЕРГО” АҚ қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы:

– Автоматты түрде мониторг жүргізетін жүйе азотты, көміртекті, күкіртті, газдарды және тағы да басқаларын өлшейді. Қоспалардың көлемін, қысым мен ылғалдылықты есептейді. Ол №3 түтін мұржасына орнатылды. Жүйе әр 20 минут сайын ақпарат жинайды және оны қадағалайтын жерлерге жібереді.

Бұл жүйені қадағалап отыратын органдар: Қоршаған ортаны қорғау мәліметтерінің ұлттық банкі және Энергетика министрлігіне қарасты экологиялық реттеу бақылау комитетінің облыстық департаменті. Яғни, бірегей жүйе осыларға дерек ұсынып отырады. Ал архивқа алынған ақпараттың сақталу мерзімі 5 жылдан кем болмайды.

ДАМИР ЖҰМАБАЕВА, СҚО экология департаментінің бөлім басшысы:

– Осындай техникалық жабдықты елдегі 91 кәсіпорын орнатуы қажет. Қазіргі таңда 62 нысанға қойылды. Біздің облысымызға келсек, мұндай дүние тек 2-ЖЭО-да пайдаланылады. Оның пайдасы зор, жұмысты айтарлықтай жеңілдетті. Автоматты түрде мониторг жүргізетін заман игілігі біздің жіті бақылауымызды болады.

Жоспармен бөлісейік. Зиянды заттарды автоматты түрде өлшейтін жабдық келер жылы №1 түтін мұржасына орнатылады. Сонымен қатар, Есіл өзеніне су бөлінетін учаске аумағына қойылмақ.

 

Мәдина Қаби