Достық үйінде түркі елдерінің тарихы көрсетілген шара өтті. Аты айтып тұрғандай, ұйымдастырушылар өткеннен сыр шертетін жиын ұйымдастырды. Бауырлас халықтардың достығы жарасқан, тілдері ұқсайды, мәдениет пен салт-дәстүрлерінде де сәйкестік бар. Басқосу барысында ән-жырдан шашу шашылды.
ДИЛЯРА ХАСАНОВА, “Түрік мәдениеті” ҚБ төрағасының орынбасары:
– Келген қонақтарға түркі әлемінің қасиетті жерлерін виртуалды түрде көрсететін боламыз. Іс-шара “ТҮРКСОЙ” ынтымақтастық ұйымының бастауымен өтіп отыр. Аталған ұйым 1993 жылы Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан және Түркия мәдениет министрлерінің келісімі бойынша құрылған. Бүгінде “ТҮРКСОЙ” түркі халықтарының бірлігі мен бауырластығын нығайтуда зор ықпалын тигізуде.
Іс-шарада М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың студенттері өнер көрсетті. Олар алдымен Қазақстан мен Түркияның әнұрандарын шырқады.
Студентер сахнаға жақын. Олар бүгінгі шараға қойылым әзірлеп әкеліпті. Туындының мағынасы терең, өткен күндерді көз алдымызға әкеледі.
НҰРҒАСЫР ҒАЛЫМ, М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың 3-курс студенті:
– Біз қазір Түркия елінің қыздары қалай ұзатылатын ұсынамыз. Қойылымға 3 апта дайындалдық.
Айта кету керек, студенттерді қойылымға Түркияның Стамбұл қаласынан арнайы келген Нүргүл Йылдыз есімді мұғалім дайындаған.
Нұрасыл Ахмет