Қоғам

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің СҚО бойынша өкіліне сотталғандар жиі жүгінеді

Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіліне сотталғандар жиі жүгінеді. Мұндай мәлімдемені журналистермен жүздескен Жанат Жұмабаев жасады. Мысалы, лауазымды тұлға 2024 жылы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне барғанда 103 жазасын өтеушімен 87 жеке қабылдау өткізген. Нәтижесінде мәселелер тікелей баяндалған, шағым қалдыруға немесе түсініктеме алуға мүмкіндік туған.

ЖАНАТ ЖҰМАБАЕВ, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілі:

– Мен жыл бойы сотталғандардың құқықтары мен оларды ұстау шарттарының сақталуын мониторингтеу мақсатында қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріне үнемі барып тұрамын. Назар аударатын негізгі аспектілердің бірі – бейнебақылауды қолданудың тиімділігі. Сапарлар кезінде бейнекамералармен 100% жарақтандыру бар ма, бұл жүйе қалай жұмыс істейді, бейнекамералардан жазбалар прокуратураға және қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне тікелей түсе ме дегенге бірінші назар аударамын.

 

Байболат Құлтанов