Бүгін Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапханада мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасында Азаматтық бастамалар фестивалі өтті. Жиында алдымен күрмеуі күрделі мәселелер көтерілді. Оларды шешу жолдары жан-жақты қаралды.
КӨГЕРШІН БЕРДАҒҰЛОВА, Солтүстік Қазақстан облыстық “Азаматтық альянс қауымдастығының” мүшесі:
– Шарада қатысушылар өңіріміздегі өзекті мәселелерді шешуге арналған жобаларды көрсететін болады.
Үкіметтік емес ұйымдар қашан да белсенді. Бүгінгі шара барысында қоғамдық істердің басы-қасында жүрген 12 ұйым марапатталды. Соның біріне есілдік Виктор Кривошеев жетекшілік етеді. Ол мүмкіндігі шектеулі жандарға қатысты мәселелердің шешілуіне ат салысып жүр.
ВИКТОР КРИВОШЕЕВ, Есіл ауданының мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы:
– Фестивалге жыл сайын балаларды алып келемін. Біз «Улыбка» қайырымдылық қорымен бірлесе жұмыс істейміз. Ауданымызда түрлі шаралар ұйымдастырамыз. Мүмкіндігі шектеулі жандарды өз қаражатымызға спорттық сайыстарға қатыстырамыз. Мысалы, биыл “Үміт” спартакидасында бақ сынадық. Жүлделі орындарға ие болдық.
Фестиваль соңында мобилография бойынша шеберлік сабағы өткізілді. Сандарды сөйлетсек, қазіргі таңда өңірімізде 400 үкіметтік емес ұйым бар. Оның 300-і Петропавлда орналасқан.
Нұрасыл Ахмет