Солтүстік Қазақстан облысында IQanat олимпиадасының бірінші туры өтті. Тұтас өңір қамтылған білім сайысына 1761 оқушы қатысты. Соның 250-ге жуығы – Ғ.Мүсірепов ауданының 8-ші сынып оқушылары. Мұнда биылғы көрсеткіш былтырғыдан басым. Өткен жылы аталған ауданда 180 бала бақ сынаған.
IQanat олимпиадасының өзіндік ерекшелігі бар. Бұл сын оқушылардың логикалық, математикалық және кеңістіктік ойлау, оқу сауаттылығы және қазақ тілін меңгеру сияқты қабілеттерін бағалауға бағытталған. Тапсырмалар жайлы толығырақ айтатын болсақ, әр қатысушыға 40 тапсырма ұсынылды. Ал оларды орындауға 80 минут берілді.
РАСУЛ ӘДІЛХАН, олимпиадаға қатысушы, Ғ.Мүсірепов ауданы:
– Тестілеу қиындау болды десем болады. Себебі, біз өтпеген тапсырлар болды. Көбіне логика бойынша ойлану қажет болды.
Бұдан кейін үздіктер облыстық кезеңде мүмкіндік сынайды. Онда жеңіске жеткендер республикалық сайысқа жолдама алады. Финалистерді қарқынды білім беру бағдарламасы күтеді. Осындай күшті академиялық дайындықтың арқасында IQanat бағдарламаларымен қамтылған балалар Қазақстанның және шетелдің үздік университеттеріне грантқа түседі. Ғ.Мүсірепов ауданы бойынша былтыр 4 бірдей бала грант ұтып алған. Олар Бурабайдағы IQanat мектебінде 10-шы және 11-шы сыныптарда оқу мүмкіндігін иеленді.
ИНДИРА ҚАРАБАЕВА, Ғ.Мүсірепов аудандық атындағы білім бөлімінің басшысы:
Біздің ауданның оқушылары осы олимпиадаға жақсы дайындалып, жоғары көрсеткіштер көрсетіп, финалға өтіп және осы IQanat мектебінде оқып жатқанын мақтан етемін.
Қазір IQanat түлектері әлемнің 17 елінде білім алуда. Қоса кету қажетпіз, 2024 жылы олимпиада жетінші рет өткізіп жатыр, биыл Қазақстанның 170 ауданынан 56 мыңнан астам ауыл оқушысы тіркелген.
Мәдина Қаби