Құқық қорғау органдары

СҚО-да аrtemia salina шаянын заңсыз аулағандар ұсталды

Заңсыз бизнеспен айналысқан! Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері 3 адамнан тұратын топты құрықтады. 33 және 22 жастағы қос петропавлдық, сондай-ақ Қызылжар ауданының 33 жастағы тұрғыны аrtemia salin шаяны жұмыртқаларын заңға қайшы жолмен аулаған. Рұқсатсыз өндіру Мамлют ауданы аумағындағы Меңкесер тұзды көлінде болған. Құқық қорғаушылар оқиға орнынан 6 бірдей қапқа салынған жалпы салмағы 460 келіні құрайтын тіршілік иесін тәркіленді. Жүргізілген сараптама кезінде мемлекетке 3 млн 712 мың теңге көлемінде залал келгені анықталды.

АСҚАР МҰХАМЕТҚАЛИЕВ, СҚО ПД бастығының орынбасары:

– Заңнама талаптарына сәйкес, топтың құрамында балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау 6 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.

 

Байболат Құлтанов