“Есірткісіз қала”! Осындай ұрандағы облыстың тәртіп сақшылары, әскери қызметшілері және шаһар жастары бірігіп, облыс орталығында жедел-алдын алу іс-шарасы шеңберінде ақпараттық жұмыс жүргізуде. Маңызды шараға 600-ге жуық полиция қызметкері және 100 шақты белсенді жұмылдырылды. Ақпараттық бастама 3 күнге созылады. Осы уақыт ішінде тұрғындарға жаднама қағаздар таратылады, нашарқорлықтың зияны жайлы кеңінен айтылады. Көпшілік білетіндей, маңызды мәселеге Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауында тоқталды.
ҚҰРМАНҒАЛИ ЫСМАҒҰЛОВ, СҚО ПД бастығының м.а.:
– Қала учаскелік полиция пункттері бойынша секторларға бөлінген, әр пунктке ПД басшылығынан жауаптылар бекітілген. Өз Жолдауларында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев нашақорлықтың алдын алу және жалпы есірткі қылмысына қарсы күрестің сапасын арттыру үшін қоғамның күш-жігерін шоғырландыруға шақырды. Біздің ортақ үйлесімді жұмысымыздың арқасында ғана біз аймақтағы есірткінің жағдайын өзгерте аламыз.
Мәдина Қаби