ТЖ

Ақжар ауданында бидай тиелген тіркеме аударылды

Ақжар ауданында бидай тиелген тіркеме аударылды. Жайсыз жайт «Көкшетау-Омбы» автожолының 151 шақырымында орын алды. Мұны полицейлер дер кезінде көріп, дереу оқиға орнына барған. Белгілі болғандай, ауыр жүк көлігінен ақау шығыпты. Қуанышқа орай, жүргізуші зардап шеккен жоқ, тек Талшық ауылына апара жатқан астық бір жолақты жол үстіне шашылды. Осыған байланысты тәртіп сақшылары бірнеше сағат бойы жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етті, сол маңдағы шаруашылықтардың бірінен жүк тиегішті табуға көмектесті. Патрульдік полицейлер егер трасса бойында осындай жайт тіркелсе, жүргізушілер міндетті түрде жылдамдықты азайту қажеттігін алға тартады.

 

Байболат Құлтанов