Құқық қорғау органдары

СҚО-да интернет-алаяқтықтың алдын алуға дін өкілдері көмектеседі

Қоғамдағы басты мәселенің бірімен күрестегі жаңа тәсіл! Солтүстік Қазақстан облысында интернет-алаяқтықтың алдын алуға дін өкілдері көмектеседі. Өңірдің бас тәртіп сақшысы Айдын Қабдұлдиновтың тапсырмасы бойынша аумақтық полиция бөліністерінің басшылығы дінбасыларға өтінішпен жүгінді. Статистика көрсеткендей, қарт адамдардың кейбіреуі интернет-ресурстар мен әлеуметтік желілерде жаңалықтар оқымайды. Бірақ түзу жолдағы жандардың үндеулеріне құлақ түріп жатады. Алғашқы түсіндіру жұмыстары облыстағы мешіттерде өткізілді. Енді шіркеулерде, костелдерде және ғибадатханаларда ұйымдастырылмақ.

 

Байболат Құлтанов