Балалардың білім алуына қолайлы жағдай жасау – басты міндеттердің бірі. Осы орайда шаһардағы құрылыс барысымен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов танысты. Өңір басшысы «Орман» мен «Береке» шағын аудандарындағы жұмыстарға қарқын қосуды тапсырды.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
– Абаттандыру жұмыстары бойынша барлық құжаттарды қайта қарап шығу керек. “Жайлы мектеп” мердігерлерін кездесуге шақырып, олармен бөлек сөйлесеміз. Қараша айында аяқтаймыз дегенімен, нақты қай күні екені белгіленбеген. Ол уақытқа дейін қар да жауып қалады. Барлық жұмыс дер кезінде аяқталуы тиіс. Оны кестеге сай толтырып, қатыстылардың барлығы оған қол қойып шығуы керек. Іске қарқын қосыңыздар!
Айта кетейік, ұлттық жоба аясында тағы «Жас өркен» және «Қопай» шағын аудандарында 1,5 мың орынды қамтитын екі мектептің құрылысы басталады.
Байболат Құлтанов